Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ақылбекованың төрағалығымен Ұлытау ауданы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы мәжіліс

Бүгін, яғни 2025 жылдың 20 ақпанында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ақылбекованың төрағалығымен Ұлытау ауданы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы мәжіліс өтті.
Мәжіліске Ұлытау ауданы білім ұйымдарының барлық басшылары қатысты.
З.Ақылбекова алғашқы сөзінде мәжілістің мақсатымен таныстырып, білім жүйесінің сапасы жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби деңгейіне байланысты екені, білім ұйымының әкімшілігі тарапынан білім беру нәтижесін жақсартудың бірден-бір жолы сапалы оқытуды әр балаға жеткізу болып табылатынын айқындады.
Бүгінгі күннің білім беру сапасына шынайы баға беру мақсатында Ұлытау ауданы білім бөлімінің басшысы Б.К.Абдраимов Ұлытау ауданы бойынша білім беруді дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алға қойылған жоспары туралы ақпарат берді.
Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н.Жакупбекова Ұлытау ауданы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өтуі, мемлекеттік бақылау қорытындыларына тоқталып, оқыту нәтижесін жақсарту үшін атқарылуы қажетті іс-шараларға назар аударды.
Ұлытау облысының әдістемелік орталығының директоры Ы.Т.Ермаганбетова Ұлытау ауданы білім беру ұйымдарындағы оқу мен оқыту сапасын талдап, кадрлық әлеует, білім сапасы, сыртқы бақылауға тоқталып өтті.
Қорыта келе, З.Ақылбекова оқушыларға жүйелі білім беріп, білікті азамат етіп шығару ұстаздар тарапынан үлкен ізденіс пен қажырлылықты талап ететіні, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасумен қатар мемлекетте білім беру жүйесінің құрылымын, саясатын, мәдениеті мен тарихын ескере отырып, басым әсер ететін бағыттарды анықтау арқылы шешу жолдарын табуды ұсынды.
Мәжіліс барысында Ұлытау ауданы білім беру ұйымдарының басшыларына білім саласында сапалы нәтижеге жетуге бағыт-бағдар берілді.