«AMANAT» партиясының фракциясы қабылдаған қаулы аясында бірдей уақыт белдеуіне қатысты кеңес

«AMANAT» партиясының фракциясы қабылдаған қаулы аясында бірдей уақыт белдеуіне қатысты кеңес
0

2025 жылғы 5 ақпанда «AMANAT» партиясының фракциясы қабылдаған қаулы аясында бірдей уақыт белдеуіне қатысты кеңес өтті. Кеңес Ұлытау облысы мәслихатының депутаты В.А. Ставицкаяның ұйымдастыруымен өтті. Кеңес барысында Ұлытау облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы К. Даутбаева ақпарат берді.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан 5-ші уақыт белдеуіне ауысты. Бұл өзгеріс 15 өңірді қамтыды, ал Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл өзгерістен тыс қалды.

Жаңа уақытқа көшу кезеңі 2023-2024 оқу жылының үшінші (1 наурыз - 20 наурыз) және төртінші (1 сәуір - 25 мамыр) оқу тоқсандары мен 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығына сәйкес келді. Уақыт белдеуінің өзгеруі жағдайында оқу нәтижелеріне жүргізілген бақылаулар көрсеткіштердің қалай өзгергенін айқындауға мүмкіндік берді.

К. Даутбаева осы уақыт аралығындағы оқу үлгерімінде оң өзгерістер байқалғанын, әсіресе жоғары сынып оқушыларының білім сапасының артқанын атап өтті. Ұлытау облысында жоғары сыныптарда білім сапасы (+6,2% және +8,1%) өскені байқалды. Алайда, бастауыш және негізгі мектептерде білім сапасының төмендеуі байқалды, ол -3%-ды құрады.

Сонымен, уақыт белдеуі өзгерісінің білім беру нәтижелеріне екіжақты әсері болды. К. Даутбаева алдағы уақытта бұл өзгерістердің теріс әсерлерін азайту және білім сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті.