Жалпы білім беретін мектеп директорлары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Адалдық- әділдік- жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу- патриотизм- жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік- кәсіби ынтымақтастық- үздіксіз кәсіби даму.
Осы аталған педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығы.
Білім ұйымының барлық педагогтері, қызметкерлері Әдеп жөніндегі кеңестің мақсаты, міндеттерін біле отырып, қандайда өзекті мәселеге әділетті, толыққанды шешімді таба алатындарына сенімді болу әкімшіліктің тарапынан жұмысты тиімды, дұрыс ұйымдастырудан басталатын белгілі.
Осы тақырыпта, бүгін, яғни 31 қаңтар 2025 жылы Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Ұлытау облысының жалпы білім беретін мектеп директорлары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өкізді.
Сонымен қатар, департамент мамандары Ұлттық білім беру деректер қоры ақпараттық жүйесінің уақытылы өзектіленуі (ҰБДҚ) туралы мониторинг нәтижелерімен таныстыра отырып, әр қала, аудандардың мектептерінің дерек қорында анықталған дұрыс емес мәліметтерге тоқталып өтті.
Білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан 2024 жылдың 13 қарашасындағы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» заңының 45-бабының 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымының басшысы ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен Ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді сәйкестендіруді қатаң бақылауға алу ұсынылды.