«ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА»

0

2025 жылдың 28 қаңтарында   Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қыметкерлері арасында  ақпараттық-түсіндіру  жұмысын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің   департамент басшысының бірінші орынбасары  Ж.М. Хамитов  және департамент Превенция басқармасының офицері Б. Шотов білім саласындағы қызметкерлерге заңнамалық өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ережелер мен нұсқаулар ұсынылып, тиімді алдын алу тетіктері тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім саласында қызмет ететін мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат берілді.

Осы кездесу барысында департамент қызметкерлері сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар мен негізделген түсіндірмелер алды.

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,

 Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.»  Абай Құнанбайұлы.