Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы

2025 жылдың 24 қаңтарында Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
З.Д. Акилбекованың төрағалығымен күн тәртібіндегі бірінші сұрақ «Кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық қылмысынан сақтау және алкоголизмнің алдын алу шаралары туралы» талқыланып, наркологиялық диспансерінің, полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыру, білім бөлімі мен білім басқармасы тарапынан алдын-алу шараларын бақылауды күшейту тапсырылды.
Екінші сұрақ бойынша «Балалардың тамақтануын ұйымдастыру және стандарттарды, нормаларды, сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтау туралы» Ұлытау облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау депаратментінің маманы, Ұлытау облысының білім басқармасы басшысының м.а. тарапынан баяндама жасалды.
Комиссия мүшесі Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын ұйымдастыру барысында санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы уақытылы жаңартылуы қажет екеніне назар аударды.
Комиссия төрағасы тарапынан барлық білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын ұйымдастыру стандарт нормаларына, санитарлық талаптарға сәйкес болуын талап ету тапсырылды.