2025 жылдың 20 қаңтарында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелерін қарау мақсатында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде үш сұрақ қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
Екінші мәселе бойынша Жезқазған қаласының №22 жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық әдеп нормаларын сақтамаған мұғалімдеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, педагогикалық әдепті бұзуға байланысты мәселені дер кезінде шешуге ықпал етпеген Жезқазған қаласының №22 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігіне қатысты тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Үшінші сұрақты талқылау кезінде Ұлытау облысының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің қызметіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы шығарылды.
Бөбекжайларда, мектептерде және колледждерде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерді ұйымдастыру және өткізу жаңартуды қажет етеді, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуді және осы кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы ақпаратты әрбір мұғалімге жеткізуді талап етеді.
Кеңес мүшелері Ұлытау облысының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын жүйелеу және мәртебесін арттыру, олардың қызметі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бұзған ұйымдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар жасады («Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы).