Ұлытау облысында конституциялық реформа мәселелері талқыланды
Ұлытау облысында өңір басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен облыстық актив отырысы өтті. Жиынға Ұлытау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Жакупбекова қатысты.
Отырыста елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген жаңа Конституция жобасының ашық әрі жария түрде талқыланғаны айтылды.
Конституциялық реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына негізделіп, заң мен тәртіп, адал азамат және таза қоғам құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Жаңа жобада қоғамдық диалогты күшейтуге бағытталған бірқатар жаңа институттарды енгізу көзделген. Сонымен қатар, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар тек референдум арқылы енгізілетіні атап өтілді.
Жиын барысында конституциялық реформаны халық арасында кеңінен түсіндірудің маңыздылығы ерекше айтылды. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, жалған ақпараттың алдын алу және бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.
02 ақпан 2026
Отырыс