Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

2025 жылғы 23 желтоқсанда Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, полиция департаментінің, білім басқармасының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселесі қаралды. Қатысушылар ахуалды талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық шараларды арттыру жөнінде пікір алмасты.

Отырыс қорытындысы бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Оқиға күні

26 желтоқсан 2025

Оқиға түрі

Отырыс