Өте тиімді да құнды семинар-тренингтердің бірі

Өте тиімді да құнды семинар-тренингтердің бірі

2025 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (әрі қарай-комитет) тарапынан өңірлердегі білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшыларымен семинар-тренинг өткізілді.

Комитет төрағасының м.а. Мелдебекова М.Т. департамент басшыларына мемлекет басшысы мен Оқу-ағарту министрінің тапсырмаларын Білім басқармалары сапалы орындауын  тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, «Ауылдық 1000 мектепті жаңғырту», «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы», «Жайлы мектеп», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, «Мақсатты мектептер», Қазақстанның еңбек сіңірген педагогтерін қолдау, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою тетіктеріне, педагогикалық этика мәселелеріне және сапалық көрсеткіштерді бақылауда ұстау департаменттерге тапсырылды.

Семинар-тренинг практикум форматында жалғасын тауып, нақты проблемалық кейстерге талдау жүргізіліп, шешу жолдары ұсынылды.

Департамент басшылары топта бірлесіп, проблемалық сұрақтарды ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісіп,  оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмыстарын қорғау арқылы  мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды тиімді стратегияларды қолдану арқылы шешу жолдарын анықтады.

Семинар қорытындысы бойынша Комитет проблемалық мәселелерді шешуде аумақтық Департаменттер қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін іс-қимыл жоспарын ұсынды.

Семинар-тренинг өте тиімді, құнды бола тұрып, практикум арқылы әр тұлғаның бойындағы ұтымды қасиеттерін, біліктілігін пайдалана отырып, білім саласындағы сапаны көтеруін жандандыруға бағыт берді және  бәріміздің кез келген қиындықтарды бірлесіп еңсеруімізге, сапалы нәтижеге жетуге оң ықпалын тигізді.

Дата события

16 апреля 2025

Тип события

Семинар