білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша кеңес

білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша кеңес

2025 жылдың 15 қаңтарында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары               З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен  Ұлытау облысының  білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша кеңес өтті.

       Кеңеске Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Н. Жакупбекова,  Ұлытау облысының білім басқармасы басшының міндетін атқарушы М.Ж.Турбеков, Ұлытау облысының дін істері басқармасының басшысы Д.Р. Тулегенов  және құзырлы органдардың жауапты мамандары қатысты.

Кеңес  барысында мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жаңғырту, мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамауы бойынша профилактикалық жұмыстарды кеңейтіп, мектептердің Жарғылары мен ішкі тәртіп ережелерін ұстануды бақылауға алу қажеттілігі туралы сөз қозғалды.

Оқиға күні

15 қаңтар 2025

Оқиға түрі

Отырыс