Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – біздің мекеменің негізгі басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыс ашықтықты, айқындықты, әділдікті қамтамасыз етуге және қызметтік әдептің жоғары стандарттарын сақтауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылады:

• Қызметкерлерді ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары
Мемлекеттік қызмет саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың, сондай-ақ мекеменің ішкі антикоррупциялық саясатының талаптарын түсіндіру бойынша үнемі дәрістер, семинарлар және нұсқаулықтар өткізіледі.

• Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау
Бөлімшелер қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде анықталған тәуекелдерді азайту немесе жою жөнінде шаралар қабылданады.

• Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау
Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік мінез-құлық нормаларының сақталуына тұрақты бақылау жасайды, өтініштерді қарайды, консультациялар береді және құқықбұзушылықтардың алдын алуға атсалысады.

• Ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, өткізілетін іс-шаралар, нормативтік құқықтық актілер және антикоррупциялық стандарттар туралы өзекті ақпарат уақтылы жарияланады.

• Анонимді өтініштер мен сауалнамалар
Қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына қатысты, соның ішінде анонимді түрде өтініш беруге жағдай жасалған. Сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды және әдеп нормаларының сақталу деңгейін бағалау үшін анонимді сауалнамалар жүргізіледі.

• Жауапкершілік шараларын қабылдау
Сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда материалдар уәкілетті органдарға жолданады, қызметтік тексеріс жүргізіледі және тәртіптік шаралар қабылданады.

• Антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты ұстаным қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және моральдық құндылықтарды нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
27 ноября 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
03 июля 2026
Педагог мәртебесі: перспективалар мен кәсіби сын-қатерлер
Ақпарат
28 ноября 2025
Педагогтың мәртебесі және педагогикалық этиканы сақтау
Ақпарат
27 ноября 2025
Мемлекеттік қызмет көрсету

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы