Есеп 2 тоқсан

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Әдеп кодексін сақтауына мониторинг жүргізу бойынша
2025 жылғы ІІ тоқсандық есеп


Есепті кезең: 2025 жылғы 1 сәуір – 30 маусым
Есеп берген тұлға: Әдеп жөніндегі уәкіл
Күні: 2025 жылғы 1 шілде

 

1. Мақсаты

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, қызметтік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтардың алдын алу.

2. Атқарылған іс-шаралар

№

Іс-шара атауы

Өткізу күні

Қысқаша сипаттамасы

Қатысушылар саны

1

Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар

2025 ж. 15 сәуір

Қызметкерлерге адалдық, парасаттылық қағидаттары, Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді

5 қызметкер

2

Жеке кеңес беру (1:1)

Сәуір–маусым

3 қызметкерге іс жүргізу мәдениеті мен шағымдарға жауап беру этикасы бойынша кеңес берілді

3

3

Ішкі бақылау (шағымдарға талдау)

2025 ж. 5 маусым

Азаматтардан түскен өтініштер мен шағымдарға талдау жасалды. Әдеп нормаларын бұзу фактісі анықталған жоқ

–

4

Департамент сайтында «Ашық есік күні» жариялау

Ай сайын

Азаматтардың сұрақтарына онлайн жауап берілді. Әдепке қатысты сұрақтар түскен жоқ

–

 

3. Нәтижелер мен қорытындылар

  • Әдеп бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
  • Қызметтік тәртіп тұрақты деңгейде сақталуда.
  • Қызметкерлер арасында парасаттылық форматын ұстану мәдениеті нығайып келеді.
  • Халықпен кері байланыс барысында әдепке қатысты шағымдар түскен жоқ.

4. Ұсыныстар

  1. Қызметкерлер үшін «Этикалық дилемма: шешім қабылдау жолдары» атты тренинг өткізу.
  2. Әдеп нормалары бойынша бейнематериалдар дайындап, ішкі чатта тарату.

 

Дата публикации
08 декабря 2025