Есеп 1 тоқсан

Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Әдеп кодексін сақтауына мониторинг жүргізу бойынша

2025 жылғы І тоқсандық есеп

Есепті кезең: 2025 жылғы 1 қаңтар – 31 наурыз
Есеп берген тұлға: Әдеп жөніндегі уәкіл
Күні: 2025 жылғы 2 сәуір

  1. Мақсаты

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, қызметтік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтардың алдын алу.

  1. Атқарылған іс-шаралар

 

№

Іс-шара атауы

Өткізу күні

Қысқаша сипаттамасы

Қатысушылар саны

1

Әдеп кодексі нормаларын талқылау жөніндегі семинар

2025 жылғы 6 ақпан

Әдеп кодексінің негізгі талаптары, жиі кездесетін бұзушылықтар, жауапкершілік шаралары түсіндірілді

6 қызметкер

2

Жеке кеңес беру (1:1)

Қаңтар-наурыз аралығы

4 мемлекеттік қызметшіге әдеп нормалары бойынша түсініктеме берілді

2

3

Ішкі бақылау жүргізу (қызметтік этикаға байланысты шағымдарға талдау)

2025 жылғы 20 наурыз

Азаматтар мен қызметкерлер тарапынан түскен шағымдар тексерілді – бұзушылық анықталған жоқ

–

 

  1. Нәтижелер мен қорытындылар
  • Әдеп бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
  • Қызметтік тәртіптің деңгейі – тұрақты, оң қалыпта.
  • Қызметкерлер арасында адалдық, әдептілік, бейтараптық қағидаларына сәйкес әрекет ету қажеттілігі туралы түсінік қалыптасқан.
  • Қызметкерлер өз міндеттерін орындау кезінде қоғаммен және бір-бірімен этикалық қатынасты сақтайтыны байқалды.
  1. Ұсыныстар
  1. Этикалық жағдаяттарды талдау бойынша тренинг өткізу;
  2. Жаңа қызметкерлерге арналған «Этика және адалдық» тақырыбындағы бейімдеу тренингі.
Дата публикации
08 декабря 2025