Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру». Қызмет заңды тұлғаларға автоматтандырылған форматта «www.elicense.kz» электрондық порталы арқылы көрсетіледі;
«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою». Қызмет 2017 жылғы 19 маусымнан бастап коммерциялық емес АҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Негізі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 «Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы (2017 жылғы 14 наурыздағы №119 өзгерістерімен).
Есептік кезеңде «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 1 өтінім қаралды, оның ішінде 1 өтінім қанағаттандырылды, бас тарту болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – лицензия және/немесе оған қосымшалар, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымшалар, лицензия және/немесе оған қосымшалардың телнұсқасы не болмаса мемлекеттік қызмет көрсету стандартындағы 10-тармақта көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап:
қызмет түрімен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында аталған жеке немесе заңды тұлғалар санаты үшін тыйым салынған;
лицензиялық алым төленбеген;
өтінім беруші біліктілік талаптарына сай келмейді;
лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтінім берушінің лицензиялау талаптарына сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
өтінім берушіге қатысты лицензияланатын қызметті немесе қызмет түрлерін тоқтату немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
сот орындаушысының ұсынысы бойынша сотпен борышкер болып табылатын өтінім берушіге лицензия беруге уақытша тыйым салынған.
Лицензияны және қосымшаларды қайта ресімдеу кезінде бас тартудың негізгі себептері мыналар:
құжаттарды ұсынбау (лицензиялық алымның төленгені туралы түбіртек; әкімдік қаулысы);
қайталама өтінімдер.
Барлық қызмет алушылармен телефон арқылы кеңес жүргізіледі.
Есептік кезеңде мерзім бұзушылықтар болған жоқ.
Есептік кезеңде «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 22 өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы қаралды, оның ішінде 22 өтінім қанағаттандырылды, бас тарту болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі «апостиль» мөрі қойылған дайын құжаттарды беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – қағаз жүзінде.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартады:
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің (деректердің) шындыққа сәйкес келмеуі анықталған жағдайда;
көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған мәліметтер мен деректердің 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясының талаптарына сәйкес келмеуі.
Қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде, 0,5 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар мен мерзім бұзушылықтар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат Департаменттің сайтында орналастырылған. Қызмет алушыларға түсіндіру жұмыстары телефон арқылы да жүргізіледі (байланыс нөмірі: 8 877 586 46552). Есептік кезеңде қызмет алушылармен 1 түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мамандар біліктілікті арттырудан өтпеген.