ЕСЕП Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылдың II тоқсанындағы қызметі туралы
2025 жылғы сәуір–маусым айлары аралығында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен келесі жұмыстар атқарылды:
1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу
Жезқазған қаласы білім бөліміне қарасты келесі бес білім беру ұйымында жоспарлы мемлекеттік аттестаттау жүргізілді:
- «Кеңгір ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- «№3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- «Теректі станциясының №6 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- «Малшыбай ауылының №15 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- «№26 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекітілген тізбеге сәйкес 19 орта білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтті, оның ішінде 4 «аттестатталмаған», 1 «аттестатталған». 14 мектеп 2025 жылдың екінші жартыжылдығында аттестациядан өтеді.
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өту табыстылығының төмендігі, 80% - дан астамы мемлекеттік аттестаттаудан бірінші реттен өтпеді.
2. Лицензиялау
Есепті кезеңде «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша лицензияны қайта ресімдеуге 88 өтініш қаралды, оның ішінде 88 өтініш қанағаттандырылды, бас тарту фактілері болған жоқ.
Білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар беру бойынша 1 өтініш қаралып, 1 өтініш қанағаттандырылды, бас тарту болған жоқ.
3. Азаматтарды қабылдау
2025 жылдың II тоқсанында азаматтар тарапынан өтініштер тіркелген жоқ.
4. Педагогикалық этика
2025 жылғы 18 маусымда Ұлытау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевнаның төрағалығымен педагогикалық этика мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Жезқазған қаласы білім бөліміне қарасты ұйымдарда «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен Педагогикалық этика қағидаларының сақталуы
Баяндамашы: Альмаганбетов Ж.Е.
- Кеңес мүшелерінің білім беру ұйымдарының педагогтарымен кездесу кестесін бекіту
Баяндамашы: Жакупбекова Г.Н.
Кеңес қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.
5. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
2025 жылғы 13 маусымда Департамент ғимаратында
«Адалдық – ел болашағының негізі» тақырыбында оқыту тренингі өтті.
Тренингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидаларын насихаттау.
Қаралған негізгі мәселелер:
- Адал есім мен абырой — адам үшін ең қымбат құндылық
- «Ұсақ» немесе «ірі» жемқорлық болмайды — кез келген түрі қауіпті
- Мемлекеттік қызмет — бұл абырой мен жауапкершілік
- Заңсыз пайда табу — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі
- Жемқорлықты көріп үндемеу — сыбайластық болып саналады
- Пара алу, беру және делдалдық — қылмыс болып табылады
Сондай-ақ қатысушыларға 1424 call-орталығы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға 4000 АЕК-ке дейін сыйақы берілетіні ескертілді.
6. Ақпараттық сүйемелдеу
Департаменттің ресми ресурстарында жаңалықтар күнделікті жарияланып отырады. II тоқсан қорытындысы бойынша:
- Facebook парақшасында – 28 жазба
- Instagram парақшасында – 26 жазба
- Ресми сайтта – 34 жаңалық жарияланды
- «Білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу» бойынша барлығы 21 өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы қаралды, оның ішінде 21 өтініш қанағаттандырылды, бас тарту фактілері тіркелмеген.
Қорытынды:
2025 жылдың II тоқсанында Департамент жұмысы білім беру сапасын арттыру, педагогтардың құқықтары мен мәртебесін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталды. Барлық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.