2025 жылдың 1-тоқсаны бойынша департаменттердің қызметі туралы ақпарат

Педагогикалық әдеп

       2025 жылдың 20 қаңтарында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелерін қарау мақсатында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес өткізілді.

       Күн тәртібінде үш сұрақ қаралды.

        Бірінші мәселе бойынша Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

        Екінші мәселе бойынша Жезқазған қаласының №22 жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық әдеп нормаларын сақтамаған мұғалімдеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар берілді.                 

        Сонымен қатар, педагогикалық әдепті бұзуға байланысты мәселені дер кезінде шешуге ықпал етпеген Жезқазған қаласының №22 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігіне қатысты тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

       Үшінші сұрақты талқылау кезінде Ұлытау облысының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің қызметіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы шығарылды.

       Бөбекжайларда, мектептерде және колледждерде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерді ұйымдастыру және өткізу  жаңартуды қажет етеді, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуді және осы кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы ақпаратты әрбір мұғалімге жеткізуді талап етеді.

    Кеңес мүшелері Ұлытау облысының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын жүйелеу және мәртебесін арттыру, олардың қызметі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бұзған ұйымдарға тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар жасады («Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы).

Лицензиялау

Есептік кезеңде «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 16 өтініш қаралып, оның 16-ы қанағаттандырылды, бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – лицензия және/немесе лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның немесе қосымшаның дубликаты, немесе мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізделген бас тарту жауабы, егер стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша бас тарту болса:

  1. заңдар бойынша аталмыш физикалық немесе заңды тұлғалар үшін қызметтің түрі тыйым салынған;
  2. лицензиялық төлем төленбеген;
  3. өтініш беруші лицензиялау талаптарына сай келмейді;
  4. лицензия беруші тиісті мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау талаптарына сәйкес еместігі туралы жауап алған;
  5. өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі (үкім) бар, бұл оның қызметін немесе лицензиялауға жататын қызмет түрлерін тоқтатуға немесе шектеуге қатысты;
  6. соттың орындаушының ұсынысы негізінде өтініш берушіге уақытша лицензия беруге тыйым салынған.
    Лицензияны қайта ресімдеу кезінде бас тартудың негізгі себептері: құжаттардың толық ұсынылмауы (лицензиялық төлем туралы түбіртек; әкімдіктің қаулысы); қайталанған өтініштер. Барлық қызмет алушылармен телефон арқылы кеңес жүргізіледі.
    Есептік кезеңде мерзімдер бұзылмады.

Мектептерді мемлекеттік аттестаттау шеңберіндегі 4,9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізу

2024 жылдың ақпан айында кешенді тестілеу облыстың 3 мектепте  өтті: «№3 жалпы білім беретін мектеп», «№26 гимназия» және «Кенгір ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Жезқазған қаласының білім бөлімі.. 3 мектептің оқушылары тапсырмаларды сәтті орындады.

Мемлекеттік аттестаттау

Есеп беру кезеңіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары (бұдан әрі - МДҰ) -12. Бірінші аттестаттаудан - 2 МДҰ өтті.

 

№

Білім беру ұйымының атауы

Аттестаттаудан өту мерзімі

Жауапты маман

жоспарға қойылған мерзімі

1

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

қаңтар

Даутбаева К.К.

13.01.-17.01.2025ж

2

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің"Айналайын" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

қаңтар

Жолдыбаева Д.С.

13.01.-17.01.2025ж

3

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған  қаласы білім бөлімінің «Арман» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

қаңтар

Нуржанова А.К.

13.01.-17.01.2025ж

4

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Тамаша" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

қаңтар

Жолдыбаева Д.С.

20.01.-24.01.2025ж

5

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Айсұлу" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

қаңтар

Нуржанова А.К.

20.01.-24.01.2025ж

6

Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің "Өркен" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

ақпан

Жолдыбаева Д.С.

03.02.-07.02.2025ж

7

Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің "Ертөстік" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

ақпан

Даутбаева К.К.

03.02.-07.02.2025ж

8

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Ер Төстік" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

ақпан

Нуржанова А.К.

03.02.-07.02.2025ж

9

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

ақпан

Нуржанова А.К.

10.02.-14.02.2025ж

10

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Ақерке" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

ақпан

Нуржанова А.К.

10.02.-14.02.2025ж

11

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Құлыншақ" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

наурыз

 

 

Даутбаева К.К.

10.03.-14.03.2025ж

12

Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Еркетай»» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

наурыз

 

 

 

Жолдыбаева Д.С.

10.03.-14.03.2025ж

«Білім беру құжаттарын (негізгі) апостильдеу»

Есептік кезеңде «Білім беру құжаттарын (негізгі) апостильдеу» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 2 өтініш қаралып, оның 2-і қанағаттандырылды, бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – апостиль мөрі қойылған дайын құжаттың қағаз түрінде берілуі;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – қағаз түрінде.
Қызметті көрсетуші мемлекеттік қызметті мына негіздер бойынша көрсетуден бас тартады:

  1. өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің шындыққа сәйкес келмеуі;
  2. ұсынылған деректер мен мәліметтердің 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясына сәйкес талаптарға сәйкес келмеуі.
    Қызмет физикалық тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі, құны – 0,5 АЕК.
    Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталмады, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар мен мерзімдердің бұзылуы тіркелген жоқ.

 

Азаматтарды қабылдау

2025 жылдың 1-тоқсаны бойынша ресми сайтта, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде барлығы 3 пост жарияланды (16.01.2025 ж. – ақпан айына қабылдау, 28.02.2025 ж. – наурыз айына қабылдау, 31.03.2025 ж. – сәуір айына қабылдау). 1-тоқсанда Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қабылдауға өтініштер түскен жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2025 жылдың 28 қаңтарында   Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Ұлытау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қыметкерлері арасында  ақпараттық-түсіндіру  жұмысын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің   департамент басшысының бірінші орынбасары  Ж.М. Хамитов  және департамент Превенция басқармасының офицері Б. Шотов білім саласындағы қызметкерлерге заңнамалық өзгерістер мен жаңашылдықтарды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларды атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ережелер мен нұсқаулар ұсынылып, тиімді алдын алу тетіктері тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім саласында қызмет ететін мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат берілді.

Осы кездесу барысында департамент қызметкерлері сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар мен негізделген түсіндірмелер алды.

Дата публикации
04 апреля 2025