2025 жылдың 30 қаңтарында Ұлытау облысы білім басқармасының «Баршаға қолжетімді сапалы білім» тақырыбында алқа отырысы өтті.
Алқа отырысында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Акилбекова З.Д. төрағалығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оқу мен оқыту сапасының талдауы, 943-елдің мақсатты мектептерінің дамуы, білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өтуі, мемлекеттік бақылау, оқушылардың олимпиадалар мен түрлі байқауларға қатысуы, техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңашылдықтар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің кеңейтілуі, білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуы, оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыруға арналған облыстық 2024-2025 жылдарға арналған жол картасының орындалысы бойынша баяндамалар талқыланып, әр мәселеге түбегейлі шешім табуға ұсыныс берілді.
Алқа отырысында Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (әрі қарай - Департамент) басшысы Жакупбекова Г.Н. білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттаудан өтуі және мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша сөз сөйледі.
Ең алдымен, Г.Н. Жакупбекова Департамент қызметкерлерінің құрылымымен таныстырып, әр аудан мен қала кураторларын атап өтті. 2025 жылға арналған мемлекеттік бақылау жоспары туралы сөз қозғап, 2024 жылғы мемлекеттік аттестаттау қорытындылары мен аттестаттау нәтижесінде анықталған кемшіліктерді атап өтті.
2024 жылғы компьютерлік тестілеу, БЖМЖ (МОДО), профилактикалық бақылау (бару арқылы), біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, тақырыптық мониторинг нәтижелері туралы айтылды.
Сонымен қатар, Департамент педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметін айқындап, Ұлытау облысының білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының мониторинг нәтижелерімен бөлісті.
Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтерді өзектендіру және уақытылы сәйкестендіруді қолға алуды ұсынды.
Қорытындысында, Г.Н. Жакупбекова Ұлытау облысындағы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін көтеріп, білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері, әдістемелік кабинеттер мен оқу-әдістемелік орталықтарға ұсыныстар айтып өтті.