Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 3 тоқсан 2026 жыл

2026 жылғы III тоқсанда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2026 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында қызмет көрсету және білім саласы бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы жекеменшік ұйымдарды лицензиялау, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарының қызмет түрлерін ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша нақтылау мәселелері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша Департамент басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Онгаркулова Жанар Онгаркуловна баяндама жасап, лицензиялау талаптары, заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және жекеменшік білім беру ұйымдарының қызметін жүйелеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кеңес барысында кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

2026 жылғы 28 тамызда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2026–2027 оқу жылына дайындық туралы» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифингке Департамент басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна және Ұлытау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төребеков Маратбек Жақыпбекұлы қатысты.

Брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындық, білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға әзірлігі және білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпарат беріліп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

Сонымен қатар, тоқсан ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, лицензиялау, аттестаттау, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдар Департаменттің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 3 тоқсан 2026 жыл
Дата публикации
30 сентября 2026