Жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы

Жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы

Жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы

 

     Түркістан облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына Ж.Касымова қатысты.

       Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, тиісті басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдері БАҚ өкілдері қатысты.

       Мақсат – білім беру мекемелерінің жаңа  оқу жылына дайындығы мен осы саладағы өзекті мәселелердің орындалуын пысықтап, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, атқарушы органдар мен  уәкілетті органның арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, ел игілігіне бағытталған жұмыстарды бірлесе атқару болып табылады.

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық білім, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармаларының басшылары баяндама жасады.

        Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшының міндетін атқарушы Ж.Касымова өз баяндамасында білім сапасын арттыру мақсатында түзілген Жол картасының жоспары бойынша 2024 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 800 педагогін біліктілік арттыру курсынан өткізу жоспарланған. Ал, 2024 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 150 педагогін (19%) ғана біліктілік арттыру курсынан өткізген. Яғни 650 педагог (81%) біліктілік арттыру курсынан өтпегендігін, күрделі жөндеу қажет ететін білім беру ұйымдары туралы, ол облыста мемлекеттік 265 балабақша, 910 мектеп және 25 колледж жұмыс жасайтындығын, облыстағы мемлекеттік 910 мектептің 753-і типтік ғимаратта, 157-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқандығын және бүгінде өңірімізде 4 апатты және 5 үш ауысымды мектеп тіркелгендігін айта келе, осы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына  шолу жасады.

         Жалпы, баяндамашыларға депутаттар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізді.

         Өз кезегінде, жиынды қорытындылаған әкім орынбасары Б.Тәжібаев депутаттар  тарапынан айтылған барлық ұсыныстар хаттамаға енгізілетіндігін және олардың орындалуын қадағалау өз салалары бойынша жүктелетіндігін айтты.

         Сонымен қатар, жиында айтылған мәселелерді бірлесе ауызбіршілікпен жұмыс жасауға шақырды.