Мемлекеттік аттестаттауға дайындық: Балабақшаларға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Мемлекеттік аттестаттауға дайындық: Балабақшаларға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Департамент тарапынан 2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 42 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен (4 мемлекеттік, 38 жекеменшік) онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 59-бабына сәйкес, әрбір білім беру ұйымы жыл сайын Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сай өзін-өзі бағалайды.

Ал, мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдары: бағаланатын кезеңнің (бұрынғы өткен екі оқу жылының) өзін-өзі бағалау материалдарын мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін "бір ай" бұрын уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.

Семинар барысында Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Гүлдар Сапарбекқызы қатысушыларға білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының талаптарына арналған мазмұнды презентация ұсынып, өзін-өзі-бағалау үдерісін және бағалау парақтарын толтыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сонымен қатар, аттестаттау кезінде орын алатын жиі кездесетін қателіктерді терең талдай отырып, мұндай кемшіліктердің алдын алуға және тиімділігін арттыруға ықпал ететін құнды ақпаратпен қамтамасыз етті.

Семинар соңында Бөлім басшысы Гүлдар Сапарбекқызы қатысушылар тарапынан қойылған әрбір сұраққа мазмұнды, нақты әрі толыққанды жауап беріп, әдістемелік тұрғыдан жан-жақты қолдау көрсетті.