Жас мамандар – ел болашағы!

Елдің болашағы – жас мамандардың қолында! ҚР Президенті биыл мамандықтар жылы деп жариялау тектен тек емес. Осы ретте Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов Мақтаарал ауданындағы білім беру ұйымдарының жас педагогтерімен кездесті.
«Жас маманның жетістігі: тәлімгер мен спикердің рөлі» тақырыбында кілең жас мамандардың алдына шығып, өзінің еңбек жолындағы тәжірибесімен қатар, көкейде жүрген ойларымен бөлісті.
Мұғалім болып тек қана білім беру емес, баламен байланыс орнату, оларға мейірімді болу, ата-анасымен де терең жұмыс істеуге шақырды.
Мақтаарал мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Анузова Мақсат, Мақтаарал мектеп-гимназиясының педагогі Жумадиллаева Маржан кездесуде ойларымен бөлісті.
Байланысты материалдар:
0121 ақпан 2025Жас мамандар – ел болашағы!