МЕКТЕПКЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мектеп лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап бiлiм беру қызметiмен айналысу құқылы.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс!
Департамент «Жайлы мектеп» және жаңадан ашылған мектеп басшыларына лицензия талаптары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов министрліктің 24.11.2022 ж. №473 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына егжей-тегжей талдау жасады.
Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған.
Байланысты материалдар:
0127 желтоқсан 2024МЕКТЕПКЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ