ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРІЛДІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРІЛДІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРІЛДІ

2024 жылы 22 қарашада Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Түркістан облысының Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстар туралы департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматовтың есебі тыңдалды.

Қоғам азаматқа мемлекеттік қызметші мәртебесін бере отырып, одан жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын, мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің тиімді іске асырылуын күтеді.

Осы ретте, Департамент басшысы өз есебінде халықтың мемлекеттік қызметшілеріне деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу бағытында департаментпен бірқатар жұмыстар атқарылғаны туралы айтты.

Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша үш семинар өткізіліп, Департаменттің әлеуметтік желілеріне жарияланды.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Әсілбектің, Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Б.Үсіпбаевтің қатысуымен) және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматайдың қатысуымен) мәселелерін түсіндіру бойынша үш рет жиналыс ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын әрекеттерді хабарлау үшін, Департаментте өтініштерге арналған «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі» орналастырылғанын атап өтті.

Департаменттің аппараттық жиналыстарында тұрақты түрде, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық жасамау, алдын алу жөнінде Департамент мамандарына үнемі ескертілетінін жеткізді.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын сақтауға бағытталған іс-шаралар күшейтіліп, жеке бақылауға алынғаны және тиісті профилактикалық шаралар жалғастырылатындығын алға тартты.