БАЛАБАҚШАЛАР МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТУДЕ

Ағымдағы жылдың 25–29 мамыр күндері аралығында облысымыздағы балабақшаларды бағалау жүйесі жаңартылып, мемлекеттік аттестаттау жаңа форматта жүргізілуде.
Осы ретте, Департамент басшысының м.а Медеубек Гүлдар Сапарбекқызы мемлекеттік аттестаттау рәсімін жүргізуге тартылған сарапшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жаңа форматтағы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ерекшеліктеріне тоқтала кетсек: Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау – білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.
Аттестаттау барысында келесі бағыттар зерделенеді:
білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер;
кадрлық құрам және педагогтердің кәсіби әлеуеті;
тәрбиеленушілер контингенті;
оқу-әдістемелік жұмыстар;
материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстар.
Аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы Қорытындыны рәсімдейді.
Қорытындыда:
- білім беру ұйымы туралы мәліметтер;
- аттестаттау комиссиясының құрамы;
- бағалау бағыттары бойынша нәтижелер;
- білім беру қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім;
- ұйым қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
Білім беру сапасы мен қолжетімділігіне жүргізілген кешенді бағалау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымының білім беру қызметінің “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының” талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы алқалы шешім қабылдайды.
Егер, аттестаттау барысында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, білім беру ұйымына оларды жою қажеттілігі туралы хабарлама жолданады.
Белгіленген мерзімде ұйым сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тиісті құжаттарды ұсынады.
Анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін білім беру ұйымы Комитетке немесе оның аумақтық бөлімшесіне олардың жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды жолдайды.
Белгіленген мерзімде сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттардың ұсынылмауы оларды жоймау ретінде қарастырылады және білім беру ұйымын МЖМБС талаптарына сәйкес емес деп тануға негіз болады.
Анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау аттестаттау комиссиясы тарапынан білім беру ұйымына бару, ұсынылған құжаттарды зерделеу және бұрын анықталған сәйкессіздіктер аясында жүзеге асырылады.
Анықталған кемшіліктердің жойылуы аттестаттау комиссиясы тарапынан бағаланып, нәтижесінде білім беру ұйымының МЖМБС талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды шешім қабылданады.
Бағалау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымының білім беру қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдап, оны Қорытынды түрінде рәсімдейді.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындыға қол қойылған күннен бастап аяқталған болып есептеледі.