КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Апталық аппараттық жиында Департамент басшысы Ғ.Алматов алдағы уақытқа арналған басты бағыттар мен нақты міндеттерді айқындап, білім беру ісінің жүйелі және сапалы жүруін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерге қажетті тапсырмалар берді. Атап айтқанда:

2026 жылғы мемлекеттік аттестаттау шараларын кешенді әрі жүйелі түрде ұйымдастыру және жоспарлауды;

мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына тартылатын сарапшылардың жаңартылған тізімін әзірлеуді;

білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымшасын алуға келіп түскен өтініштерді белгіленген біліктілік талаптарына сай мұқият қарауды;

мектеп формасын сақтамаған білім алушылардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты қозғалған әкімшілік істерді қарау барысында қолданыстағы заң талаптарын бұлжытпай орындауды;

арыз-шағымдарды қарау кезінде ҚР ӘРПК талаптарының қатаң сақтау, объективті шешім қабылдауды;

кураторлық бойынша қала/аудандардағы білім беру саласына қатысты әлеуметтік желіде туындап жатқан резонанстық мәселелерді қадағалап, жедел түрде мән-жайды анықтап, нақты ақпарат беріп отыруды;

білім басқармасына және білім бөлімдеріне жүргізілген жоспарлы тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жойылуын және олар бойынша іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауға алуды міндеттеді.

Жиынды қорытындылай келе, Департамент басшысы Ғ.Алматов мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен заң талаптарын қатаң сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы тұруы, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануы – әрбір қызметкердің адамгершілік әрі кәсіби парызы екенін ерекше атап өтті.