Мемлекеттік бақылау (мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер) шаралары
Департаменттің құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу және мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Департаменттің негізгі функцияларының бірі ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестататудан өткізу.
Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.
Департаменттің 2025 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарынығ тізбесіне сәйкес 460 білім беру ұйымында (200 балабақша, 260 мектеп) мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Оның ішінде 90 (19,5%) білім беру ұйымы (71 мемлекеттік, 19 жекеменшік), 26 (13%) мектепке дейінгі білім беру ұйымында (10 мемлекеттік, 16 жекеменшік), 64 (24,6%) мектеп (61 мемлекеттік, 3 жекеменшік) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді деп есептелініп, аттестатталды.
Ал, 370 (80,5%) білім беру ұйымы, оның ішінде 196 (75,4%) мектеп (164 мемлекеттік, 32 жекеменшік), 174 балабақша (42 мемлекеттік, 132 жекеменшік) қызметі МЖМБС талаптарына сәйкес келмей, аттестатталмады.
1.4.Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесі
Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2025 жылдың есебімен 25 білім беру ұйымында (20 мектеп, 5 балабақша) ағымдағы жылы бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді.
Нәтижесінде, 21 білім беру ұйымына заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, 4 білім беру ұйымының:
2 білім беру ұйымы (мектеп-1, балабақша-1) жабылды («Қостүйін» мектебі, ЖШС «Алинұр» бөбекжай-балабақшасы),
1 мектептің лицензиясы қайтарылды (ЖШС «Арынбек»),
1 балабақшаның жұмысы уақытша тоқтатылды (ЖШС
«Гаухаралт» бөбекжай-балабақшасы).