2024 ЖЫЛДЫҢ 2 ТОҚСАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ ТУРАЛЫ ЕСЕП
🔹«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
🔸Көрсетілетін қызметті алушының осы қызметті орындаушыға тікелей жүгінуіне жол берілмейді.
🔹2024 жылғы 01 сәуір мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 34 өтініш келіп түсті.
🔸Білім туралы 17 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 0; жалпы орта білім туралы – 17.
Құжаттар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жіберілмегендіктен және білім беру ұйымының құжаты болып табылмағандықтан 17 өтініш бойынша бас тартылды.
🔸Келіп түскен мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 34 құрады (17– орындалды, 17 – бас тартылды).
☑️Елдер бойынша бөлу: