Облыстық «Заманауи білім беру жүйесіндегі көшбасшылық» семинар-практикумның пресс-релизі

Облыстық «Заманауи білім беру жүйесіндегі көшбасшылық» семинар-практикумның  пресс-релизі

 

Тақырыбы: «Заманауи білім беру жүйесіндегі көшбасшылық».

Өткізу күні: 2023 жылдың 30.11

Өткізу уақыты: сағат 09.00-13.00

Өткізу орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы

2023 жылдың 30.11. Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департамент басшысы  А.Мальгаева облыстық «Заманауи білім беру жүйесіндегі көшбасшылық» семинар-практикумына қатысады.  

Семинар барысында қатысушыларға «Басқарушылық менеджмент білім сапасын арттыру факторларының бірі ретінде» тақырыбында баяндама ұсынылады.

Баяндамада басқарушылық менеджмент барысындағы кезеңдерге тоқталып, облыс мектептерінде өткен мемлекеттік бақылау нәтижелері ұсынылады.

Семинар-практикум жұмысына СҚО Білім басқармасының, әдістемелік жұмыс және инновациялық технологиялар орталығының, «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалының, білім бөлімдерінің өкілдері, облыс мектептерінің басшылары қатысады.