Баспасөз хабарламасы Конференция тақырыбы: «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапаны арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы»

Баспасөз хабарламасы
Конференция тақырыбы:
«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапаны арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы»
Өтетін күні: 28.04.2026 ж.
Өтетін уақыты: 14.30–16.00
Өтетін орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «№28 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Алтын дала көшесі, 9а
2026 жылғы 28 сәуірде Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес базасында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапаны арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өтеді.
Іс-шара аясында Қазақстанның білім беру жүйесін Конституциялық басымдықтар негізінде жаңғырту, сондай-ақ білім беру саясатын дамытудың өзекті бағыттары қарастырылады. Конституцияның білім беру жүйесіндегі сапаны, құқық пен жауапкершілікті қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылады. Қатысушылар конституциялық қағидаттардың білім сапасын арттыруға және білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтық қорғалуын күшейтуге ықпалын, сондай-ақ білім беру ұйымдарының конституциялық кепілдіктерді іске асырудағы рөлін талқылайды.
Конференция жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының, Әдістемелік жұмыс және инновациялық технологиялар орталығының, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының, білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ өңірдегі білім беру ұйымдарының басшылары қатысады.
Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтеді. Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Нуртаева Кульзагира Бикеновна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградасы — «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері үшін марапатталады.
Сондай-ақ «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры Шаукерова Светлана Набиевна және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Абишева Айгүл Каиркенқызы бақылау іс-шараларына сарапшы ретінде белсенді қатысқаны және өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталады.