"Елге қызмет" бағдарламасы (МТРК)

«Көрсетілген мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік аттестаттау туралы» («Елге қызмет» бағдарламасы)
Сұрақ: білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің негізгі жұмыс бағыттары туралы атап өтсеңіз.
Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) білім беру ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
Департаменттің негізгі қызметтері мыналарды қамтиды:
білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау және тексерулер жүргізу; білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын қадағалау; азаматтардың, ата-аналардың және білім алушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау; білім беру ұйымдарының қызметінде анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар беру; білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау; білім беру ұйымдарының лицензиялық талаптарды сақтауын бақылау; білім беру саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қолдану.
Департамент мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы қатаң сақтауын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен әділдікті нығайту мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Сұрақ: Департамент қандай мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді?