Қызылжар ауданында өткен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара

Қызылжар ауданында өткен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара

https://www.facebook.com/share/1Cz7cZiLCG/ 

Қызылжар ауданының білім бөлімі ұстаздар мерекесіне орай “Ұстаз-ұлы есім” атты салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Бұл басқосу ұстаздық еңбектің маңыздылығын дәріптеу, білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтерді қолдау және ынталандыру мақсатында жүзеге асырылды.
Шара барысында ауданның білім беру жүйесіне елеулі үлес қосқан ұстаздар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Марапат иегерлерінің қатарында көп жылғы еңбегімен дараланған қарт ұстаздар да, кәсіби жолын жаңадан бастаған жас мамандар да болды.
Сонымен қатар, жыл бойы оқу-тәрбие үдерісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік білім беру ұйымдары да анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Ауданның үздік мектептерінің білім сапасы, оқушылар мен тәрбиеленушілердің жетістіктері мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі бойынша бағаланып, құрметке ие болды.
Қызылжар ауданының білім бөлімі барша марапат иегерлерін шын жүректен құттықтай отыра, мықты денсаулық, шығармашылық табыс және алдағы қызметтерінде толағай жетістіктер тілейді.
Ұстаз еңбегі – ел болашағының негізі, өскелең ұрпақтың рухани тірегі.
Оқиға күні

02 қазан 2025

Оқиға түрі

Құттықтау