Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы аппараттық кеңесіне қатысты

Шымкент қаласының әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімәжитұлының төрағалығымен жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы аппараттық кеңес өтті. Жиналысқа Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы қатысып, мектептердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, мектеп ғимараттарының рәсімделуі, білім беру ұйымдары бірінші басшыларының бос орындары бойынша проблемалық сұрақтарға тоқталды. Аппараттық кеңестің нәтижесінде қала әкімі білім басқармасына тиісті тапсырмалар берілді.