Әдеп кеңесі
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне білім беру ұйымдарындағы педагогтардың әдеп нормаларын сақтамау фактілері бойынша жеке тұлғалардан келген арыздар Департамент жанынан құрылған Әдеп кеңесінде Әдеп уәкілінің қатысуымен 2026 жылғы 27 наурыз күні қаралды.
Кеңес отырысында педагогтар өз тарапынан жіберілген кемшіліктерге түсіндірме берді.
Департаменттің әдеп уәкілі М.Абдираимова педагогтарға әдеп нормаларын сақтау және педагогтардың өз құқықтарын қорғау бойынша түсіндірді.
Арызда көрсетілген фактілердің расталуына байланысты Әдеп кеңесі мүшелерінің ұсынымы (педагогтардың лауазымдық міндеттеріне сәйкестігі мәселесін қарап, тиісті шаралар қабылдау) Шымкент қаласының білім басқармасына жолданды.
Педагогикалық әдеп — ұстаздық мамандықтың негізі. Оны сақтау — әр педагогтың міндеті.
Қызмет бағыты