Бірлескен қабылдау
2025 жылғы 16 қазан күні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы м.а. және Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы азаматтардың жеке мәселелері бойынша бірлескен қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасау, жалпы білім беру ұйымдарында еңбек пәнін оқыту барысын жетілдіру, жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелері және өзге де білім беру саласындағы өзекті сұрақтар қарастырылып, тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Freel%2F24988529340742489%2F&show_text=false&width=267&t=0" width="267" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>