Азаматтардың білім саласындағы мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізілді

0
2025 жылғы 15 қазан күні Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы м.а. М. Абдираимова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, оқушыларды жалпы білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі, білім беру қызметін лицензиялау рәсімдері, сондай-ақ педагог қызметкерлердің біліктілік санаттарын беру тәртібі туралы сұрақтар қойылды.
Қойылған сауалдарға «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» сияқты нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып, толық әрі жан-жақты түсініктемелер берілді.
 
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fbaqylau.departamenti%2Fposts%2Fpfbid02s4HUydP7CijCDwgwgWDQKySUEiHVRSnhui1vztLZnC6iiKBZdMyJiFeStVD7zbPal&show_text=true&width=500" width="500" height="776" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>