ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен құттықтады.
Құттықтау барысында:
«Ұстаз – қоғамдағы ең қадірлі әрі мәртебелі мамандық иесі. Сіздер жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, олардың бойына рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді және отансүйгіштік сезімін сіңіресіздер. Еліміздің дамуы мен болашағы ұстаздардың қажырлы еңбегімен тікелей байланысты. Осы орайда, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін» – деп атап өтті.
Департамент басшысы ұстаздарға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және еңбектеріне толағай табыс тіледі.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Freel%2F1318130259849995%2F&show_text=false&width=260&t=0" width="260" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>