ДЕПАРТАМЕНТ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

0
2025 жылғы 16 қыркүйекте Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жекеменшік мектеп басшыларына арналған түсіндірме семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында келесі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығы — «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №570 бұйрығы — «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы — «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы».
Семинар аясында қатысушылармен сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
 
 
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fbaqylau.departamenti%2Fvideos%2F2574126302942996%2F&show_text=false&width=267&t=0" width="267" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>