2025 жылғы 27 тамыз күні Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі өтті
2025 жылғы 27 тамыз күні Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі өтті.Қоғамдық кеңесте Департаменттің басшысы Рыскелди Әлиш департаменттің атқарған жұмыстары, жоспарлы және жоспардан тыс іс-шаралар, сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді.
Қоғамдық кеңес отырысы барысында кеңес мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Негізгі сұрақтар мынадай мәселелерге қатысты болды:
• атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау әдістері;
• алдағы жоспарларға қатысты нақты шаралар.
• азаматтардың шағымдарын шешу процесі.�Барлық сұрақтарға толық және мазмұнды жауаптар берілді, кеңес мүшелері берілген жауаптарға қанағаттанды. Сұрақ-жауап ашық және конструктивті түрде өтті.
Департамент тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлары департаменттің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы жауапкершілігін және қоғам алдындағы міндеттемелерін толық орындауға дайын екендігін көрсетеді.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fbaqylau.departamenti%2Fposts%2Fpfbid031tb8H7CnLyiyFN5waqSPciYLfk3BLVSjn6ZNMeoTGxEp9AbH8UaHLwcQxX7RUZ8yl&show_text=true&width=500" width="500" height="250" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>