2025 жыл,ы 29 тамыз күні жаңа оқу жылының қарсаңында, Шымкент қаласы көрме орталығында жекеменшік мектептердің білім беру саласындағы мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін және инновациялық тәсілдерін көрсетудің жарнамасын жасау көрмесі өтті.
2025 жыл,ы 29 тамыз күні жаңа оқу жылының қарсаңында, Шымкент қаласы көрме орталығында жекеменшік мектептердің білім беру саласындағы мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін және инновациялық тәсілдерін көрсетудің жарнамасын жасау көрмесі өтті.
Департамент басшысы Р.Әліш жекеменшік мектептердің көрмелерін аралап көріп мекеменшік мектептердің өкілдеріне және келген ата-аналарға өз ой-пікірін яғни, жекеменшік мектептер бүгінде білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарып жатқандығын, мектептер ұсынатын түрлі үйірмелер, спорттық бағдарламалар және үш тілде оқыту мүмкіндігі – балалардың жан-жақты дамуына, олардың таланттарын ашуға және болашақта табысты болуына жол ашатындығын, Бұл – заман талабына сай білім беру жүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам екенін айта өтті.
Сонымен қатар, департамент жекеменшік мектептердің лицензиялау процесіне ерекше мән береді. Лицензиялау – білім сапасын қамтамасыз етудің, оқу орындарының заңды және кәсіби стандарттарға сәйкестігін бақылаудың маңызды құралы. Алдағы уақытта бірлесіп, білім беру ортасын одан әрі жетілдіру, оқушылар мен ата-аналардың сенімін нығайту және білім беру саласын дамыту жолында жұмыс істейді.
Барлық жекеменшік мектептерге жаңа оқу жылында табыс, шығармашылық жетістіктер және өркендеу тілейміз! Ата-аналарға балалары үшін ең жақсы білім ордасын таңдауда сәттілік, ал оқушыларға – білім жолындағы ізденістеріне табыс тілейміз!
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Freel%2F633992226070878%2F&show_text=false&width=267&t=0" width="267" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>