2025 жылғы 1 қыркүйек күні

0
2025 жылғы 1 қыркүйек күні Департамент басшысы Р.Әліш №140 жалпы орта білім беретін келешек мектебінде өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты шараға қатысты. Салтанатты жиында оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алушыларға оқуда озат болуды, ал педагогтарға шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау мен мектептің даму перспективалары туралы айтып, білім сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында басшы мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу орнының материалдық-техникалық базасын және оқу-тәрбие процесін көріп ризашылығын білдірді.
Департамент басшысы білім беру жүйесін дамытуға және жас ұрпақтың сапалы білім алуына қолдау көрсетуді жалғастырады.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fbaqylau.departamenti%2Fposts%2Fpfbid02AHtKpdjLAWNMXMxRUgYmcTVDLqvY4yc7GY9vZSRswftcutEKKn2y5oP7AYPQedhpl&show_text=true&width=500" width="500" height="883" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>