«Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау шаралары: Заң мен Тәртіп» тақырыбында алқа мәжілісі өтті.
2025 жылғы 5 қыркүйекте Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау шаралары: Заң мен Тәртіп» тақырыбында алқа мәжілісі өтті. Аталған іс-шараға Департаменттің басшысы Р.Әліш және мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлік және инвестициялық қоғамдастықтың мүшелері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Мәжілістің негізгі мақсаты – кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіпкерлік қызметті қолдау және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігін талқылау, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару болды.