2025 ЖЫЛЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=476&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Freel%2F1785938122010626%2F&show_text=false&width=267&t=0" width="267" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share" allowFullScreen="true"></iframe>
Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2025 жылы аттестаттаудан өтетін мектеп басшыларымен семинар-кеңес өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік аттестаттау жұмыстарының өткізілу тәртібі мен заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Семинардың негізгі мақсаты – аттестаттауға жататын мектептерге нормативтік-құқықтық талаптарды толық әрі нақты жеткізу болып табылады.
Департамент басшысы Р.Әліш аттестаттауға дайындық жұмыстарын сапалы ұйымдастыру қажеттігін атап өтіп, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, алдағы уақытта туындаған сұрақтарға жедел түсініктеме берілетінін жеткізді.