Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогикалық әдеп нормалары мәселелерін алқалы және жария қарау мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы

Өткізу күні және уақыты: 1 наурыз 2024 жыл, сағат 11.00

Өтетін орны: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат 2, 621 («Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты).

Іс-шара мақсаты: Білім беру ұйымдарында құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысы  және анықталған кемшіліктерді жою бойынша түсіндірме жұмысы.

Ұйымдастырушы: Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Отырысқа қатысушылар: Консультативтік-кеңесші органның мүшелері- 15. Білім беру ұйымдарының басшылары -273