ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

23.02.2024 жылы Шымкент қаласының білім беру ұйымдарын зерделеу қорытындысы ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғ.Б.Бейсембаев пен қала әкімі Ғ.Ә.Сыздықбековтың қатысуымен өткен жиналыста қаралды. Негізгі мақсат-білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін оң және теріс факторларды анықтау, қорытындысы бойынша қаланың білім беру жүйесін жетілдіру және қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар беру. Министрлік тарапынан көрсетілген әдістемелік көмектің білім беру ұйымдары үшін маңызы зор болды.