Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 1 тоқсанда білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аттестаттау жұмыстары туралы

2023 жылғы 1 тоқсанда Департамент 43 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау жұмыстарын жүргізді, оның ішінде 15 балабақша мен 28 колледж.

Нәтижесінде алғашқы аттестаттаудан 5 балабақша (11,6%) өтсе, 38 білім беру ұйымы (88,4%) аттестаттаудан өтпеген.

 Балабақшалардың алғашқы аттестаттаудан өтпеген себебі циклограммаларды дұрыс толтырмау, тәрбиеленушілерді қабылдау нормаларынан асып кету, құрылтай құжаттарының, мониторингттердің, балалардың дене және тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін жеке даму карталарының толық салынбауы және т.б.

Колледждердің алғашқы аттестаттаудан өтпеген себебі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырмау, міндетті оқу жүктемесіне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын сақтамау, міндетті оқытуға арналған оқу уақытының көлемін сақтамау, жұмыс оқу бағдарламаларының оқу нәтижелеріне бағдарланбауы, өзін-өзі бағалау деректерінің Ұлттық білім беру деректер қорындағы деректермен сәйкес келмеуі, белгіленген критерийлер бойынша бағалау жүргізу үшін тиісті материалдарды ұсынбау, т.б. болып отыр.

 38 білім беру ұйымынан қайта аттестаттау жұмыстары 19 ұйымда (19 колледж) өткізілді.

Қалған 19 білім беру ұйымында (10 балабақша, 9 колледж) қайта аттестаттау жұмыстары жоспарлаған мерзіміне сәйкес жүргізіледі.   

Дата публикации
23 мая 2023
Дата обновления
23 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
13 октября 2026
Педагог мәртебесі: кәсіби қиындықтар мен болашақ перспективалар
Ақпарат
19 сентября 2024
Ата-аналарға балаңызды өмірінің түрлі кезеңдерінде онлайн кеңістікте қалай қорғау керектігі туралы ұсынымдар
Ақпарат
19 сентября 2024
Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы