МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
2026 жылғы 1-тоқсанда Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау
2026 жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік аттестаттау 9 балабақшада (3 мемл., 6 жекеменшік) жүргізілді. Барлық білім беру ұйымына әдістемелік ұсыным жасалды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 9 балабақшада (3 мемл., 6 жекеменшік) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді.
Анықталған бұзушылықтар:
- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;
- тәрбиеленушілердің жеке даму карталарының бастапқы, аралық, қорытынды бақылау нәтижелері бойынша дамыту, түзету іс-шаралары талаптарға сәйкес жасалмады;
- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;
- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.
Жоспардан тыс тексеру
2026 жылғы 1-тоқсанда 8 білім беру ұйымдарында (1 балабақша, 6 мектеп, 1 колледж) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
8 тексерудің 2-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 6-ы мемлекеттік органдардан келген хаттар негізінде жүргізілген.
Нәтижесінде барлық 7 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды (балабақша–1 (жекем), мектеп–5 (2 мемл., 3 жекем), колледж-1 (жекем).
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 3 мектептің (2 мемл., 1 жекем) және 1 колледждің (жекем)лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. 7 білім беру ұйымына анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 лауазымды тұлғаға, 4 заңды тұлғаға, жалпы 70 АЕК (302 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
әкімшілік істерді жүргізу
2026 жылғы 1-тоқсанда е-otinish порталы арқылы 163 арыз-шағым тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 89 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 68 жеке тұлғалардаң келген өтініштерге жауап берілді. 6 арыз қаралуда.
Жауап берілген 68 арыз-шағымның өз өтініші негізінде кері қайтарып алынып, қараусыз қалдырылған-17, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер жоқ- 27, жоспардан тыс тексеру жүргізілген-2, арыз иесіне түсіндіріліп, жазбаша мәтінде жауап берілген-22.
Департамент тарапынан 97 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер (заңды тұлғаға – 7, жеке тұлғаға - 90) жүргізілді.
Оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты: 7 әкімшілік іс - 1 балабақша (мемл), 5 мектеп (2 мемл., 3 жекем), 1 колледж (жекем).
Жеке тұлғаларға қатысты: 90 әкімшілік іс ата-анаға қатысты (ескерту-38, айыппұл – 52) салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін - 86, сабаққа қатыспағаны үшін – 4).
3 мектептің (2 мемл., 1 жекем) және 1 колледждің (жекем)лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді.
97 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2 лауазымды тұлғаға, 5 заңды тұлғаға, 90 жеке тұлғаға, жалпы 320 АЕК (1 384 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Профилактикалық бақылау
2026 жылғы 1-тоқсанда бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстары 5 білім беру ұйымында (3 балабақша, 2 мектеп) жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама берілді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Білім беру қызметіне лицензия беру
2026 жылғы 1-тоқсанда лицензиялау мәселелері бойынша 54 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 14 өтініш (26 %), бас тартылғаны – 40 (74 %).
Қанағаттандырылған 14 өтініштің ішінде; бас лицензияға 3 өтініш (1-Келешек мектебі, 1-мемл мектеп, 1-жекем мектеп), лицензияға қосымшаға-2, лицензия және лицензияға қосымшалардың қайта рәсімделгені- 9 (9 мектеп).
Бас тартылған 40 өтініштің ішінде: бас лицензияға 4 (2-мектеп, 2-колледж), лицензияға қосымшаға-31 (9-мектеп, 22 колледж), лицензия және лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 5 (5-мектеп).
.2026 жылғы 1-тоқсанда білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді.
Білім беру қызметіне берілген лицензия және лицензияға қосымшаларды 6 жекеменшік мектеп және 1 жекеменшік колледж өз өтініштері негізінде кері қайтарып алды.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу
2026 жылғы 1-тоқсанда Қазақстан Республикасында алынған білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 54 өтініш келіп түсті. 4 өтініш талапқа сай болмағандықтан қайтарылды. 3 құжат қаралуда
Білім туралы 47 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде: кәсіптік-техникалық білім туралы – 8; мектептер - 29 (негізгі орта білім туралы-6, жалпы орта білім туралы – 15, табель-8), басқа-10 (анықтамалар, куәліктер).
Елдер бойынша: Оңтүстік Корея-21, Италия-15, Түркия-6, Австрия- 1, Словакия-1, Латвия-1, Финляндия-1, Аргентина-1.
ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ
2026 жылғы 03-13 ақпан аралығында қаладағы 12 келешек мектептерінің білім беру қызметіне көшпелі мониторинг жүргізілді. Мониторинг жұмыстарына Шымкент қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері қатысты.
Мониторинг 6 бағытты қамтыды: кадр құрамы, мектепішілік бақылау, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары, «Адал Азамат» бағдарламасының орындалуы, кітап қоры; мектептің санитарлық жағдайы.
Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды.
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ПЕН ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ
УӘКІЛДІҢ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі әдептілік нормаларды ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға, мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
2026 жылғы бірінші тоқсанның есептік кезеңінде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі өз өкілеттілігі аясында мемлекеттік қызметкерлерге және 3 – жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке кеңес беру арқылы көмек көрсетілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында Департаментке 2026 жылдың І-тоқсан есебі бойынша, Е-Өтініш порталы арқылы «Педагог мәртебесі заңы» талаптарын орындамау бойынша жалпы 4 арыз келіп түскен. Оның ішінде 2 арызда көрсетілген фактілерге дәлелдеме құжаттары болмауына байланысты кері қайтарылды. Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтардың 2 өтінішін Департамент жанынан құрылған әдеп жөніндегі кеңесте қарап, нәтижесінде кеңестің хаттамалық шешімімен Шымкент қаласының білім басқармасына лауазымдық қызметіне сәйкестігін қарауға және тәртіптік шара көру үшін жолдады.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының алаңдары, әлеуметтік желілердің ресми парақтары пайдаланылады. 1 тоқсанның есепті кезеңінде интернет-ресурстарда барлығы 3 жариялымда – Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда орналастырылды (семинар:https://www.facebook.com/share/p/1DtiznS6gT/https://www.facebook.com/share/p/1DtiznS6gT/https://www.facebook.com/share/p/1DtiznS6gT/, Әдеп жөніндегі кеңес отырысы: https://www.facebook.com/share/p/1Cgm7RjoPh/, мемлекеттік қызметшілермен түсіндірме жұмысы: https://www.facebook.com/share/p/1CJwcQTZ49/).
Ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында этикалық құндылықтарды дамыту, азаматтармен және қоғаммен қарым-қатынасты нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер (құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салу, алдын алу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында «Сыбайластыққа жол жоқ» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен 3 түсіндірме жұмыстары жүргізілді («Әділет. Рухани жаңғыру» газеті 27.03.2026жыл №8-9(294) санмен жарияландыі).
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді.
Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту) өткізілді.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚЫЗМЕТ
Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жұмыс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылды.
Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері бойынша тұрақты негізде консультативтік көмек көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікті түсіндіруге, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындауға бағытталған көзқарасты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарлар мен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шаралар барысында: