БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІНЕ ТЕКСЕРУ (КВТ)

 

2025 жылы біліктілік талаптарға сәйкестігіне тексеру 6 білім беру ұйымында жоспарланған (3 мемл., 3 жекеменшік). Оның 5 мектеп (3 мемлекеттік,                                   2 жекеменшік), 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (жекеменшік).

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында білім беру ұйымдарында білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуына тексеру жүргізді.

  1. «№126» Айнатас негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Tengri international school» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  5. «Zangar bilim» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  6. «Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі» жеке мекемесі.

Тексеру нәтижесінде: барлық білім беру ұйымдарына анықталған кемшіліктер бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы арқылы заңды тұлғаларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, Tengri international school, Zangar bilim мектептерінің, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі лицензияларының қолданысы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктер:

  • оқу жоспары үлгілік оқу жоспарына, мемлекеттік стандартқа сәйкес емес (№126, Қосалқы мектеп-интернаты, Tengri international school, Zangar bilim);
  • педагогтердің сапалық құрамының пайызы төмен, педагогтар 3 жылда бір рет біліктілігін арттырмаған (№№ 126, 2, Tengri international school, Zangar bilim, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі);
  • білім алушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеген (Қосалқы мектеп-интернаты, Tengri international school, Zangar bilim, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі);
  • білім алушыларға арналған тамақтану объектісі жоқ (Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі),
  • спорт залы жоқ (Tengri international school, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі).

Сонымен қатар, «№126» Айнатас негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізу барысында оқу ғимараты негізгі орта білім беру деңгейі бойынша оқытуға талаптарға сай келмейтіні анықталды. Атап айтқанда, мектептің жалпы ауданы -844,5 ш/м, оның ішінде  спорт залының ауданы – 66,5 ш/м. Мектепте 13 сынып-комплект бар. Оқушы саны 241.

Аталған мектепте оқу кабинеттердің саны - 5, оның ішінде 1-еуі компьютерлік сынып.

Мектеп асханасы 18 орынға арналған.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрықпен бекітілген бастауыш білім алушылардың жеке пайдалану үшін жабдықталған шкаф саны жеткіліксіз.

Мектептің пәндік кабинеттері, оның ішінде физика, химия, биология пәндері бойынша кабинеттері жоқ.

«№126» Айнатас негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 1 жыл мерзімге нұсқама берілді.

Дата публикации
31 декабря 2025