МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ
2025 жылы мемлекеттік аттестаттау 158 білім беру ұйымында жоспарланған (77 мемл., 81 жекеменшік). Оның 65 мектеп (44 мемлекеттік, 21 жекеменшік), 93 балабақша (33 мемлекеттік, 60 жекеменшік).
2025 жылғы 12 ай қорытындысымен мемлекеттік аттестаттау 152 білім беру ұйымдарында (74 мемл., 78 жекеменшік) жүргізілді. Оның 59 мектеп (41 мемл., 18 жекеменшік), 93 мектепке дейінгі білім беру ұымы (33 мемл., 60 жекеменшік).
Ал қалған 6 білім беру ұйымына (3 мемлекеттік, 3 жекеменшік) мемлекеттік аттестаттау жүргізілмеді.
|
Анықтама үшін: § 3 кешкі мектеп біріктіріліп қайта құрылды: "№1 жалпы орта кешкі мектеп" КММ, "№2 кешкі мектеп" КММ, "№3 жалпы білім беретін кешкі мектеп" КММ. § 3 жекеменшік мектеп жабылды: "Askar" Зияткерлік мектебі" ЖШС, "TM and Educational school" ЖШС, "Таным мектебі" ЖШС. |
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 40 мекеме (30 мемлекеттік, 10 жекеменшік) (26,3%) бірінші реттен аттестатталды. Оның 17 мектеп (14 мемлекеттік, 3 жекеменшік), 23 балабақша (16 мемлекеттік, 7 жекеменшік).
Қалған 112 білім беру ұйымында (44 мемлекеттік, 68 жекеменшік) (73,7%) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша бұзушылықтар анықталған. Оның 42 мектеп (27 мемлекеттік, 15 жекеменшік), 70 балабақша (17 мемлекеттік, 53 жекеменшік).