МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
2025 жылғы 9 айда Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау
2025 жылы мемлекеттік аттестаттау 158 білім беру ұйымында жоспарланды: 65 мектеп (44 мемл., 21 жекеменшік), 93 балабақша (33 мемл., 60 жекеменшік).
2025 жылғы 9 айында мемлекеттік аттестаттау 93 балабақшада (33 мемл., 60 жекеменшік) жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 23 балабақша (16 мемл., 7 жекеменшік) (24,7%) бірінші реттен аттестатталды. 70 балабақшада (17 мемл., 53 жекеменшік) (75,3%) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша бұзушылық анықталды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша бірінші рет аттестаттаудан өтпеген 52 балабақшада бұзушылықтары жойылып, қайта аттестаттаудан өтті.
Қалған 15 балабақшада (2 мемл., 13 жекеменшік) 2025 жылдың қазан-желтоқсан айлары арасында мемлекеттік қайта аттестаттау шаралары жүргізіледі.
3 жекеменшік балабақша екінші рет мемлекеттік аттестаттаудан өтпей, бару арқылы профилактикалық бақылау тізімі енді.
Анықталған бұзушылықтар:
- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау критерийлері бұзылған;
- бағыттар бойынша тәрбие жұмысы көрсетілмеген, сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру процесінде сәйкессіздіктер анықталды. Мектепте атқарылған тәрбие жұмысы туралы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша мәліметтер сайтқа жүктелмеген;
- критерийлер бойынша бағалау жүргізу үшін тиісті материалдарды ұсынбау және т.б.
- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;
- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.
Жоспарлы тексеру
2025 жылғы сәуір-мамыр айларында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 159-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес «Шымкент қаласы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жоспарлы тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама берілді.
Жоспардан тыс тексеру
2025 жылғы 9 айда 28 білім беру ұйымдарында (10 балабақша, 17 мектеп, «Кәусар» интернаты) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
28 тексерудің 11-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 17-і мемлекеттік органдардан келген (прокуратура-3, полиция-1, білім басқармасы-13) хаттар негізінде жүргізілген.
Нәтижесінде барлық 28 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды (мектеп–17 (5 мемл., 12 жекеменшік), балабақша–10 (10 жекеменшік), «Кәусар» интернаты) .