Білім беру қызметіне лицензия беру
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Білім беру қызметіне лицензия беру
Департамент екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».
2025 жылғы 05 қаңтар мен 30 қазан аралығында лицензиялау мәселелері бойынша 470 өтініш келіп түсті. Оның ішінде қанағаттандырылғаны – 402 өтініш (86 %), бас тартылғаны –65 (14 %), өз еркімен лицензиясын тоқтатқан -3 мектеп өтініші.
Қанағаттандырылған 402 өтініштің ішінде; бас лицензияға 26 өтініш (11-келешек мектеп, 13-жекеменшік мектеп, 2-жеке колледж), лицензияға қосымшаға-24 өтініш (5- мектеп, 19-колледж), лицензия және лицензияға қосымшалардың қайта рәсімделгені- 352 (294- мектеп, 58- колледж), өз еркімен лицензиясын тоқтатқан-3 өтініш
Бас тартылған 65 өтініштің ішінде: бас лицензияға 29 (1 колледж, 28-мектеп), лицензияға қосымшаға-33 (5-мектеп, 28-колледж), қайта рәсімдеу-3 мектеп.
2025 жылғы 05 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның 14 отырысы өткізілді.
Дата публикации
08 октября 2025